Әлем

Нигерияда бензин тасымалдайтын көлік жарылып, 94 адам қаза тапты

Фото: AP

Қаза тапқандардың көбінің денесін күйік шалғаны сонша, оларды анықтау мүмкін болмады, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында бензин тасымалдаушы көлік жүргізушісінің оны басқара алмауынан аударылып қалды. Кем дегенде 94 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды.

«Біз бензин тасымалдаушы көлікке ешкімнің жақындамауы үшін бар күшімізді салдық, бірақ оқиға орнын қоршағанымызға қарамастан, адамдар жанармай жинауға кіріп кетті, одан кейін өрт шықты», — деді жергілікті полиция өкілі.

Нигериялық The Whistler басылымы штат полициясына сілтеме жасап 105 адамның қаза тапқанын хабарлады. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол тергеуге дейін қамауға алынды.

Атап өтілгендей, Нигерияда мұндай оқиғалар сирек емес. Мәселен, биылғы жылдың қыркүйегінде Нигер штатында бензин тасымалдаушы көліктің мал мен адамдар тасымалдаған жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 59 адам қаза тапты. Жергілікті биліктің мәліметінше, 2020 жылы Нигерияда бензин тасымалдаушы көліктердің қатысуымен 1531 апат болған. Жалпы алғанда 535 адам қаза болды.

Бұған дейін Кенияның орталығындағы бастауыш мектеп-интернаттан өрт шығып, 17 оқушы қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *