“Балалардың дамуына кері әсер етеді”. Қырғызстанда TikTok желісі бұғатталады

Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі ел аумағында TikTok желісін бұғаттау туралы шешім шығарды. Бұл туралы 30 тамызда министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство “TikTok желісінде жүргізілген мониторинг кезінде бұл желі балалардың дамуы мен денсаулығына кері әсер ететін ақпараттарды шектемейтіні анықталды” дейді.

Министрлік үкіметтік емес ұйымдардың “әлеуметтік желінің балалардың дамуы мен денсаулығына кері әсер етеді” деген шағымынан соң тексеріс жүргізген.

“TikTok қысқа видеоларымен көріп отырған адамды виртуалды әлемге алып кетеді, сол видеоларды көрген жасөспірімдер оны қайталауға тырысады. Кейбір видеолар өмірге қауіп төндіреді. Баланың енді қалыптасып келе жатқан психикасы тұрақсыз, ал мұндай контенттер тәуелділікке әкеліп, балалардың эмоциялық жағдайына теріс әсер етеді” дейді министрлік.

Енді цифрлық даму министрлігі бұл шешімді жүзеге асырып, жақын арада TikTok желісін Қырғызстан аумағында бұғаттауы тиіс.

TikTok желісінің балаларға зияны туралы бұған дейін Қырғызстан парламентінде бірнеше рет көтерілген.

TikTok — қысқа видеолар жүктеуге болатын желі. Әлемде ең көп қолданыталын желінің бірі саналатын TikTok Қытайдың ByteDance компаниясына тиесілі. Қырғызстан мен Қазақстанда бұл желі өте танымал. Екі елде де жүздеген блогер TikTok желісіне контент жүктейді.

дереккөз: azattyq.org

фото: popsters.ru

Be the first to comment on "“Балалардың дамуына кері әсер етеді”. Қырғызстанда TikTok желісі бұғатталады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*