Актөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен алынған ақпарат бойынша, екі күн бұрын аралас қауіпсіздік мекемесінде (тергеу изоляторы) педофилияға күдікті тұтқын өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Ratel-ге сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.
Департаменттің мәліметінше, марқұм «16 жасқа толмаған тұлғаны азғындау» әрекетіне күдікті болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, күштеп өлтіру белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.
Бұл — аталмыш тергеу изоляторында болған жалғыз оқиға емес. Өткен жылы осы мекемеде қос кісі өлтіруге күдікті 23 жастағы актөбелік Әлішер Елеуов та өзіне-өзі қол жұмсаған болатын.