Оқу жылының басынан бері өңірлерде 130 мың оқушыға арналған 86 мектеп ашылды, деп хабарлайды Tilshi News Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 74,8 мың оқушыға арналған 27 мектеп, оның ішінде Астанада тоғыз мектеп ашылды.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланған.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы 18 мектеп ашылды, тағы 41 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар есебінен қолданысқа берілді.