Әлеумет

Қайрат Боранбаев құны 90 млрд теңгедан асатын активтерді мемлекетке қайтарды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, болады, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қ.Боранбаев табиғи газ импорты кезінде қаражатты жымқыру эпизоды бойынша тергеу аясында 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын.

Агенттік заңсыз активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда.

фото: vesti.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *