Aqtobe Day

Ақтөбе облысының алдағы 3 жылдық бюджетінде 15,4 млрд теңге қайта бөлінді

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының м.а. Айгүл Ерғалиева депутаттарға 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті нақтылау жобасын ұсынды

Жобаға сәйкес, облыстың құрылыс басқармасы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға, «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне инженерлік желілер салуға, Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов ауылында екі коммуналдық үй және Хромтау ауданының Қопа ауылында спорт кешенінің құрылысын аяқтауға және де басқа мақсаттарға 2,2 млрд теңге бөлді.

«Бюджет қаражаты бірқатар нысанның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бағытталған. Олардың арасында Жем қаласындағы амбулатория және Шалқардағы В.Цеханович атындағы спорт мектебі бар. Спорт кешенінде бір ауысымда жүзден астам спортшы жаттығады. Алтын Орда шағын ауданында бес мың орындық тағы бір спорт кешенін салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 420 орындық үлкен залы және 280 орындық кіші залы бар Ақтөбе облыстық драма театры үшін ғимарат салуға ЖСҚ дайындалады», — деп түсіндірді Айгүл Ерғалиева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *