Aqtobe Day

«Дүние дидарындағы Димаш»: Әншінің туған жеріндегі музейде көрме ашылды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Руспублика күні қарсаңында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Дүние дидарындағы Димаш» атты көрме ашылды. Мұнда әнші Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі, отбасының фотоальбомы мен марапаттарын, өзге де экспонаттарды тамашалауға болады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

Танымал әншінің әр жылдары жеткен жетістіктері мен концерттеріндегі киімдерінің бәрі көптің көз алдына шығарылды. Барлығы 140-тан астам экспонат әкелінді.

– Димаш Құдайбергеннің фанаттары сыйлаған сыйлықтар бір қанатты алып тұр. Олардың арасында түрлі музыкалық аспаптар, картиналар мен қолдан жасалған бұйымдар бар. Сонымен бірге фотоальбомын да көруге болады. Әр елдің туы ілінген ағаш бұталарына қарап-ақ әнші тыңдармандарының ондаған, тіпті жүздеген елде бар екенін білеміз. Сонымен бірге атақты тұлғалар берген сыйлықтары да әкелінді, — деді Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Айман Тауман.

Фото: Алтынай Сағындықова

 

Музейге келушілер актер Джеки Чан сыйға тартқан күртені көре алады. Бұл 2017 жылы берілген сыйлық. Сонымен бірге түріктің музыкалық продюсері және ди-джей Бурак Йетер сыйға берген күрте де бар. Қазақ салт-дәстүріне қызыққандар көрмеден ат әбзелдерін де тамашалайды.

– Димаш атқа мініп, серуендегенді жақсы көреді. Ол – хоббиі. Көрмеде ер-тоқым, қамшы, белдік, ауыздық бар. Оны әлі күнге дейін өзі тұтынады, — деді Айман Тауман.

Фото: Алтынай Сағындықова

Көрмеге бүгін облыс әкімі Асхат Шахаров, өңірдің қоғам белсенділері мен Димаш Құдайбергеннің ата-анасы, ұстаздары, тума-туыстары келді.

– Мақсатымыз өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі ету. Димаштың жеке заттарымен қоса белгілі тұлғалардың сыйлықтары, концерт костюмдері жинақталған. Осы арқылы әрбір қазақтың баласы еңбектенсе, талаптанса үлкен жетістікке жетуге болатынын көрсеткіміз келді. Мектеп оқушысынан бастап көріп, ұмтылса дейміз. Балалар теріс әдеттеп аулақ болып, жақсы дүниемен айланысса деген ойымыз бар. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің орны ерекше. Бұл біздің өсіп-өнген, қастерлі дүниелерді жинақтап отырған киелі шаңырақ. Сондықтан бұл жерде Димаштың құнды заттарынан арнайы экспонат қалдырамыз деген ойымыз бар, — деді Димаш Құдайбергеннің атасы Светлана Айтбаева.

Фото: Алтынай Сағындықова

 

Оның айтуынша, Ұлттық музейде болған көрмені бір айда 15 мыңға жуық адам тамашалады. Онда шетелдіктер көп болған.

– Ұлттық музейден кейін Ақтөбе «біз аламыз» дегенде біз қуандық. Себебі әркімнің туған жері, құтты мекені ыстық. Қасиетті топырақтан асқан ештеңе жоқ, — деді Светлана Айтбаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *