Шымкент мұнай өңдеу зауытынан 900 тонна сұйытылған газ бөлінді. Ол Ақтөбе облысына жеткізіледі.
Батыс Қазақстан облысына Теңізшевройл 180 тонна жөнелтті.
Ал Маңғыстау өңіріне ҚазГӨЗ-ден тәулігіне 100-150 тонна жіберіліп жатыр.
Естеріңізде болса, аталған өңірлерде газ тапшылығы туындаған еді. Энергетика министрлігі мен жергілікті әкімдіктер мұны Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарымен байланыстырған болатын.