Aqtobe Day

Ақтөбеде оқушыларға шабуыл жасалды: ата-аналар әділ тергеуді талап етіп отыр

Фото: Диапазон / Юрий Гейст

№23 мектеп аумағында жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасалды. Ата-аналардың айтуынша, колледж студенттері топтасып, оқушыларға тиіскен, деп Диапазонға сілтеме жасап, «Тілші» хабарлайды.

2 қазан күні кешке мектеп стадионында оқушылар футбол ойнап жүрген. Осы кезде колледж студенттері келіп, төбелес шығарып, екі 11-сынып оқушысын пышақпен жарақаттаған.

«Балаларымыз футбол ойнап жатқанда, мектеп жанынан екі топ жігіт жүгіріп өтті. Кейін бір тобы қайтып келді, — дейді зардап шеккен оқушының анасы Шынар. — Шамамен 15 жігіт төбелес бастады. Әр оқушыға 4-5 адамнан келді. Кейін білсек, бәрі колледж студенттері екен. Баламды бес жігіт қоршап алып, ол әлсіреп жерге құлағанда үш жерден жарақаттаған. Тағы сәл болса, бүйрегіне тиер еді. Досын да жарақаттаған, тағы бір баланың бас сүйегі шайқалып, омыртқасы зақымданған. Шабуылдаушылар қашып кетті. Ұлым дүкенге барып, қайта шабуыл болмас үшін есікті іштен жабуды өтінген. Содан полиция мен жедел жәрдем келді. Нәтижесінде ұлым қоса үш оқушы ауруханаға түсті. Басқа да зардап шеккендер бар, бірақ олар арыз жазбады. Бейнекамера жетеуін түсіріп алған, іс жүзінде 15 адам болған. 19 күн өтсе де, тергеу баяу жүруде. Бейнеге түскен жетеудің екеуі ғана бұзақылық үшін айыпталды, қалғандары бостандықта».

Үш оқушының ата-анасы 21 қазанда облыстық прокуратураға барып, әділ тергеу талап етті. Сол жерде Ақтөбе полиция басшылығымен кездесіп, наразылықтарын білдірді.

Полиция тергеудің объективті жүргізілуіне барлық шара қолданылып жатқанын айтады. Төбелеске қатысқандар сол түні анықталған. Қазір әрқайсысының іс-әрекеті тексеріліп жатыр. Қиындығы — бәрі кәмелетке толмағандар, араларында Шалқар және басқа аудандардың тұрғындары бар. Оларды заңды өкілдерінің қатысуымен ғана тергеуге болады, бұл уақыт алады. Тек пышақ ұстаған екеуі ғана қамауға алынды. Полиция тергеудің толық көлемде жүріп жатқанына сендірді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Дархан Ермағамбетов 2 миллиард теңгемен Қандыағаштағы жағымсыз иіс мәселесін шеше ала ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *