Қандыағашта құны 2 млрд теңге болатын кәріз-тазарту кешені салынады, деп хабарлайды «Тілші». Жергілікті билік осылайша жағымсыз иіс мәселесі шешілетініне сенімді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Асхат Шахаров Мұғалжар ауданы басшысы Дархан Ермағабметовпен, сонымен қатар, Қандыағаштағы жағымсыз иістің көзі саналатын этил спиртін өндіру зауытының («Кентавр» ЖШС) директоры Еркін Айдархановпен кездескенін хабарлайды. Зауыт қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Жоба құны — 2 млрд теңге.
Аудан әкімдігі Қандыағаштағы жағымсыз иіс мәселесі шешілетініне сенім білдірген. Өз кезегінде, Шахаров халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жоба жан-жақты қолдауға ие болатынын алға тартты.