Zhubanov News: Heriot-Watt өкілдері Ақтөбедегі емтихан сессиясына келді

Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt халықаралық кампусына академиялық бағдарлама менеджері Дэниел Свонсон және британдық Heriot-Watt университетінің профессоры Дон Беддард келді, деп хабарлайды TilshiNews.kz оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдік әріптестердің сапарының мақсаты — озық тәжірибелерімен бөлісе отырып, Heriot-Watt университетінің стандарттары бойынша емтихан қабылдауды қамтамасыз ету. Сессия кезеңі басталғандықтан шотландиялық қонақтар емтихан жұмыстарын бағалау процесін ұйымдастыру бойынша кампустың профессор-оқытушылық құрамымен тығыз жұмыстар атқаруда.

Айта кетейік, Heriot-Watt University кампустағы білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге қатаң бақылау жүргізеді. Жыл бойы Heriot-Watt шетелдік кампустарының тәжірибелі оқытушыларының қатысуымен үздіксіз оқу процесі өтті. Академиялық адалдық қағидаттарын ұстана отырып, жергілікті оқытушылар шотландтық әріптестерімен бірге ақтөбелік студенттер білімінің берік іргетасын қамтамасыз ету үшін ортақ мақсатқа ұмтылады.

Be the first to comment on "Zhubanov News: Heriot-Watt өкілдері Ақтөбедегі емтихан сессиясына келді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*