Жұбанов ректоры — британдық оқу орны филиалына түсуге қажетті ағылшын тілі деңгейі жөнінде

Жұбанов университетінің ректоры Ақтөбедегі Heriot-Watt филиалына оқуға түсу емтиханы жөнінде әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Лаура Қарабасова алдағы айларда қабылдау комиссияларының жұмысы қызатынын алға тартып, Heriot-Watt университетінің кампусына тапсыру туралы сұрақтардың да көптеп түсқанын айтып өтті, деп хабарлайды TilshiNews.kz сайты.

Ректордың айтуынша, Жұбанов университетінің базасында ашылған ұлыбританиялық оқу орнының филиалына түсу үшін ағылшын тілі деңгейін дәлелдеу керек. Түлектерге арнап жыл басынан бері әр айдың соңғы сенбісінде тегін емтихан өтіп келеді.

«Биыл үміткерлердің географиясы кеңейіп жатқаны қуантады. Атырау, Орал, Ақтау, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Тараз қаласының мектеп бітіруші түлектері қызығушылық танытып, емтиханға тіркелді. Тілек білдірушілер саны да былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Ай сайын 150-ден астам мектеп бітіруші емтихан тапсырады», — дейді Лаура Қарабасова.

Емтиханды HW өкілдері алып, өздері бағалайды. Қазір де Ақтөбеге Heriot-Watt университетінен бір топ делегация келді.

Ректордың пайымынша, емтихан уақытында бірге келген ата-аналарға Heriot-Watt университетінің өкілдері бөлек инфосессия өткізіп, барлық сұрақтарына жауап беруге тырысады. Ата-аналармен сөйлесу, түсіндіру де өте маңызды екенін ұмытпайды.

«Биыл әріптестеріміз Қазақстан өңірлеріне ғана емес, көршілес Қырғызстанға және Өзбекстанды да қамтыды. Былтыр филиалға мемлекеттік грант негізінде 3 білім бағдарламасына 300 студент оқуға қабылданғанын білесіздер. Студенттер британдық жүйемен білім алады, оқу оңай емес. Оқу жылын биыл тамыз айында аяқтайды. Студенттерге қойылған талап та жыл сайын жоғарылай береді. Себебі сапа – бірінші орында», — деп санайды ректор.

Heriot-Watt университетінің Қазақстандағы кампусында оқығысы келетіндердің көптігін ескеріп, маусым айынан бастап тестілеуді әр жұма сағат 15:00-де өткізу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ректор 6 маусымда профессорлар Джонатан Свинглер (электротехника, электроника), Christian Dondrup (компьютерлік инженерия) және Graeme Whitе (мұнай-газ инженериясы) ашық дәріс өткізетінін хабарлап, қызығушылық танытқан азаматтарды Жұбанов университетінің Студенттер сарайына шақырды.

Be the first to comment on "Жұбанов ректоры — британдық оқу орны филиалына түсуге қажетті ағылшын тілі деңгейі жөнінде"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*