«Евразия» медициналық орталығының күрделу жөндеуден өткен балшықты сумен емдеу ғимаратында емдеу-физикалық сауықтыру ем-домдарына арналған жаңа, заманауи кабинет жасақталды. Бұл жақта механикалық оңалту және су процедуралары да бар. Хромтауда мұндай бөлімше әзірге біреу. Eurasian Resources Group (ERG) медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 140 млн. теңгеден астам қаражат бөлді.
«Евразия» медицина орталығының Хромтаудағы бөлімшесі ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатына, ERG, BTS, ERG Capital Projects сервистік орталықтарына және басқа да бөлімшелерге қызмет көрсетеді.
Жаңа жабдықтар кешенді емдеуді барынша физиологиялық жолмен жүргізуге, сондай-ақ жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты мен тыныс алу жүйесі және тағы да басқа мазалаған аурулары бар қызметкерлердің денсаулығын сауықтыруға септігін тигізеді.
Жаңа емдік-дене шынықтыру кабинетінде жүйке-бұлшықетті оңалту жүйесі, қол мен аяқты белсенді қалпына келтіруге арналған тренажер, арнайы жолдар, вертикализатор, қабырғаға бекітілген слингті жүйе бар. Сондай-ақ, интеллектуалды жаттығу жүйесі бар вертикалазатор орнатылған. Координацияны жақсартуға арналған құрылғылар, жүріс ұқсатқышы және механнотерапияға арналған құрылғыларға дейін әкелінген. Барлығы 30 жабдық орнатылды.
– Біз қала үшін маңызды деген бірегей аппараттарды алдырттық. Мысалы, жүйке-бұлшықетті оңалту жүйесі, — деп түсіндірді «Евразия МО» ЖШС директоры Жанна Таниева. – Бұл аппараттың функционалдығына сөз жоқ. Құрылғының арнайы сынақтардың көмегімен диагноз қоюға, патологияны анықтауға және науқасқа керек нақты жаттығу бағдарламасын ұсынуға қауқарлы болуы маңызды. Адамның мүмкіндіктеріне қарай, тұрып немесе отырған күйде барлығын қарап, қайталау жеткілікті. Орталықтағы механикалық терапияға арналған жаңа үстел аяқ-қолдарды дамыту үшін сатып алынса, тізе және жамбасты қалпына келтіруге арналған тренажер иілу немесе созылу проблемалары бар адамдарға таптырмас көмек. Ал шынтақ пен иық буындарын дамытуға слингті жүйе қолданылады. Жақын арада медициналық орталыққа оңалту жолы мен Neurofarma неврологиялық оңалту жүйесі келеді деп күтілуде.
Хромтаудағы «Евразия МО» филиалының бас дәрігері Дархан Шампиковтың айтуынша, балшықты сумен емдеу бөліміндегі ваннадан бөлек, мұнда енді cу кафедрасы, емдік душтар, су астындағы омыртқаны тарту кешені, қол мен аяққа арналған жаңартылған құйынды ванналар бар. Жаңа массаж креслолары мен магнитті терапия құрылғылары сатып алынған. Жаңа тұзға шомылу бөлмелері жабдықталды.
– ERG-дің басты құндылығы – біздің адамдар, — деді «Еуразиялвқ Топ» ЖШС медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айгүл Имашева. – Біз еуразиялықтардың жоғары сапалы медициналық қызметтерді пайдалануы үшін барлығын жасаймыз. Одан бөлек, Еуразиялық Топта республика бойынша алты көпсалалы емхана мен 50 медициналық пункттен тұратын «Евразия» медициналық орталығы бар. Топ сонымен қатар біздің кәсіпорындар орналасқан туған қалалардағы ауруханалардың жабдықтарын жаңартуға қаражат бөледі. Тек биылдың өзінде бұл мақсаттарға 300 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды.
Дөң тау-кен байыту комбинатының қатысуымен емхана күрделі жөндеуден өткендігін айта кеткен жөн. Жаңартылған балшықпен емдеу бөлмесі медициналық қызмет алуды әлдеқайда жағымды әрі жайлы ете түседі. Емделушілерге ыңғайлы болу үшін ғимаратқа лифт орнатылып, қайта құру жұмыстары да сәтті аяқталды.
Алда компания қызметкерлерін ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық азаматтарды қабылдау, сонымен қатар қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін күндізгі стационарға тамақтандыру жүейсін қосу жоспарда бар.