«Ақтөбе» футболшылары түркістандық «Тұранды» жеңіп, Қазақстан премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша топ-3 орынды сақтап қалды.
Командалар соңғы 26-тур аясында кездесті. Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткен матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Нигериялық жартылай қорғаушы Уче Агбо (35 минут) және доминикандық шабуылшы Дорни Ромеро (90+4) қанжығасын майлады.
Жеңіс «Ақтөбеге» 43 ұпай әкеліп, маусым қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды. Үшінші жыл қатарынан команда ҚПЛ тұғырында аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» Қазақстан Кубогін жеңіп алды, соның арқасында 2025/26 маусымына еурокубоктерге жолдама алды. Кейінірек УЕФА-дағы ел рейтингісіне сәйкес, команданың іріктеу кезеңі қай лигада өтетіні белгілі болады.