7 қазанда Ақтөбе хром қосылыстары зауытында жұмысшылар наразылық акциясын өткізді. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс жағдайларын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды «Тілші» Ratel-ге сілтеме жасап.
Наразылықтың басты себебі — зауыт басшылығының кейбір жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберу жоспары және төмен жалақы.
Жұмысшылар қазіргі орташа 200 мың теңге жалақыны 400 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті. Оқиға орнына облыстық еңбек инспекциясы өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов келді.
Нәтижесінде жалақыны көтеру туралы келіссөз комиссиясы құрылды. Кәсіпорын иелері жалақыны кезең-кезеңмен көтеруге келісті. Сонымен қатар, облыстық әкімдік зауытқа сода жеткізілімін үздіксіз қамтамасыз етуге көмектесуге уәде берді.