Экономика

Елімізде тұңғыш рет картамен есептесу көрсеткіші қағаз ақшаны басып озды

Фото: Петр Карандашов

Былтыр Қазақстанда QR-төлемдер 5,3 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге дейін өскен. Сөйтіп, төлем жасаудың бұл түрі POS-терминалдан да асып түсті. Десе де, есеп айырысудың жаңа түрлері дамығанына қарамастан,елдегі ақша айналымының 86% қолма қол ақшамен жүзеге асады. Жуырда жыл соңына дейін бүкіл банкке ортақ QR-код пайда болатыны хабарланды. Мәселен, дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, Halyk немесе Kaspi бар ма деп сұрамай-ақ, ортақ QR-мен төлей бересіздер. Бұл туралы «Тілші» хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеп.

Төл теңгенің түрін ұмыта бастағанымыз рас. Тіпті, қазір әмиян ұстайтындар да некен-саяқ. Банкоматқа ақша алуға баратындарға қарағанда, оған ақша құятындар көп. Биыл онлайндағы қаржы айналымы 17,7 трлн теңгеге жетті. Елімізде тұңғыш рет картамен есептесу көрсеткіші қағаз ақшаны басып озды. Бір жылда қол ақшасыз 1 млрд 200 млн рет төлем жасалған. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Бұлай кете берсе, Қазақстан цифрлы транзакция бойынша 3-4 жылда Канаданы басып озғалы тұр. Айналымдағы ақшаның 90 пайызы телефондағы қосымшалар арқылы жұмсалады. Ал, қалғаны POS-терминалдармен жүргізіледі. Ұлттық банк мәліметінше қолма-қол ақша қазір тек банкоматтарға салынады.

Десе де, 19 млн 700 мың қазақстандықтың банк картасы бар. Бір емес бірнеше карта ұстайтындар жетеді. Жалпы, карта саны елде 79 млн дана. Кеңінен таралған түрі дебеттік карталар. Олардың үлесі 80 пайызға жетті. Екінші орындағы кредиттік карта үлесі 15,8 пайыз. Қазақстандықтар биыл шетелде карта арқылы 162 млн рет төлем жасаған. Оның айналымы 2,5 трлн теңге.

Айта кету керек, АҚШ-тағы сайлаудан кейін доллар бағамы нығая түсті. Бүгін айырбас пункттерінде бір доллар 502 теңгеге саудаланып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *