Әлеуметтік желіде таратылған бейнежазбада жеңіл көліктің электр бағанасына соғылып, сымдардан ұшқын шашырағаны көрінеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген, деп хабарлайды «Тілші» Диапазонға сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қараша күні сағат 20:00-де Можайский көшесінде болған. Осы көшеде тұратын «Renault Sandero» көлігінің иесі кілтті қалдырып кетіп, өзі үйіне кірген. Мұны байқаған екі бесінші сынып оқушысы көлікті айдап кетіп, бағанаға соққан.
«Балалар полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену) бойынша іс қозғалды. Балалар ата-аналарына табысталды», – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.