Шалқар аудандық сотынан хабарлағандай, аудандық білім бөлімінің басшысы бір мектеп директорына қоңырау шалып, барлық мектеп басшыларынан ақша жинауды тапсырған. Ол ақша «тексеріске қажет болған».
Директорлар 1,5 млн тг жинап берген.
Ауданның «бас ұстазы» кінәсін толық мойындады. Прокурор оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Сот білім бөлімінің басшысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы мен пробациялық бақылау тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.