Aqtobe Day

Ақтөбе облысында боранды түнде далада қалған 5 адам құтқарылды

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ видеосынан алынған скрин

Бүгін түнде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеп.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылына жақын маңайда 2 ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал тексеруге кетіп, қарда тұрып қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлікті эвакуациялап, адамдарды құтқарды.

Осы сапардан қайтар жолда құтқарушылар қарда тұрып қалған, ішінде екі адамы бар жеңіл автокөлікті көріп, оларды да эвакуациялап, құтқарды.

Аталған азаматтар тұрғылықты жеріне жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Ақтөбеде төтенше жағдайлар саласының кезекшілік нөміріне ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға шығып, байланысқа шықпай қалған 1959 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабар түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерде құтқарушылар боран салдарынан бағдарынан айырылған адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ауа-райы қолайсыз болған жағдайда елді мекендерден шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салады! Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *