Полиция майоры биыл шілдеде мас күйінде 121 шақырым/сағ жылдамдықпен велосипедті қағып кетеді.
Велосипедтегі екі адам көз жұмады, ал көлік жүргізушісі полицияға хабар бермей, оқиға орнынан кетіп қалған.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Сот үкімімен жүргізуші өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 9 жылға сотталды. Полиция майоры шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, қазанда әке-шешесі мен үш бауырының өліміне себепкер болған полиция қызметкері 5 жылға сотталған еді.