Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде көлігін 5 минуттан астам уақыт қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынды ма?

Фото: istockphoto.com

«Тілшінің» бұл сауалына облыстық полиция департаментінен келесідей жауап келді:

«Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, тоқтап тұру – бұл көлік құралының қозғалысын жолаушыларды отырғызу немесе түсірумен, не көлік құралын тиеу немесе түсірумен байланысты емес себептер бойынша бес минуттан артық уақытқа әдейі тоқтату. Тұрғын пункттерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көлік құралдарының тұрғындарға қолайсыздық тудырып тоқтап тұруына тыйым салынады», — делінген полицияның «Тілшіге» берген жауабында.

Полициядан хабарлағандай, бұл жаңа норма емес.

«Ол 20 жылдан астам уақыттан бері бар.
Осылайша, егер көлік құралы бес минуттан артық жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тоқтап тұрып, тұрғындарға қолайсыздық тудырса, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес қарастырылады», — делінген жауапта.

Сонымен қатар Ішкі істер органдары аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді.

Айта кету керек, көрсетілген бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары түскен кезде ғана, куәгерлер құқық бұзушылық фотосы мен бейнематериалдарын ұсынған жағдайда ғана қозғалады.

«Әзірге бірде-бір көлік иесіне айыппұл салынбады», — деді полициядан.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Материалдық шығынды есептейтін комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *