Материалдық шығынды есептейтін комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады

Ақтөбе облысында су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр. Өңірде Асхат Шахаровтың төрағалығымен су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр. 

Көктемгі су тасқынының салдарын жою бойынша құрылған арнайы комиссия ТЖ жарияланған Әйтеке би, Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында жұмысын бастады. Материалдық шығынды есептеу үшін құрылған комиссия екі күнде 1237 құжат қабылдаған.

Аудандар бойынша өтініштерді комиссия Ойылда – Ш.Бекмұхамбетов атындағы мектеп-гимназия, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен аграрлық колледжінде қабылданады.

Қобда, Мұғалжар, Әйтеке би, Темір аудандық әкімдіктері мен Саркөл, Алтықарасу және Кеңестуы ауылдық округтерінің әкімдіктерінде комиссия тұрғындар өтініштерін қабылдайды.

 

Be the first to comment on "Материалдық шығынды есептейтін комиссия екі күнде 1237 өтініш қабылдады"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*