Медиа

Баку соты «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің басшысы мен редакторын төрт айға қамады

Фото: Азаттық

Сейсенбі, 1 шілде күні Баку соты «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің басшысы Игорь Картавых пен шеф-редакторы Евгений Белоусовты төрт ай мерзімге қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлады Азаттық.

Содан бір күн бұрын Әзербайжан полициясы қызметкерлері «Sputnik Әзербайжан» редакциясына тінту жүргізіп, жеті адамды ұстаған. APA мәліметінше, алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресейлік «Россия сегодня» медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньян бұл айыптауларды «мүлдем ойдан шығарылған» деп атады. «Sputnik Әзербайжан» осы медиатоптың құрамына кіреді.

Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің өкілі Айхан Гаджизаде «Sputnik Әзербайжан» агенттігі жабылғанын мәлімдеп, бұл медиа ұйымның тек бір тілшіге аккредитация алуға мүмкіндігі барын айтқан. Әзербайжан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, агенттіктің аккредитациясы тоқтатылғанына қарамастан, редакция «заңсыз қаржыландырылып», жұмысын жалғастыра берген.

• Әзербайжан мен Ресей арасындағы қатынастар 27 маусымда Екатеринбург қаласында тегі әзербайжан 50-ден астам адам ұсталып, екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алған оқиғадан кейін ушығып кетті. Баку Ресейден оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

• Ресейдің сыртқы істер министрлігі Екатеринбургте ауыр қылмыстарды тергеу аясында күдіктілер ұсталған, құқық қорғау органдары жағдайды бақылап отыр деп мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Мария Захарова бұл істер 2001, 2010 және 2011 жылдары жасалған кісі өлтіру қылмыстарымен байланысты деп нақтылады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Польшада қоғамдық БАҚ-ты тарату процесі басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *