Польшада қоғамдық БАҚ-ты тарату процесі басталды

Польшада қоғамдық телеарна, радио және ақпараттық агенттіктерді тарату процесі басталды.

Ел үкіметінің жаңа басшысы Дональд Тусканің пікірінше, соңғы сегіз жылда мемлекеттік БАҚ бұрынғы билік партиясы “Құқық және әділет” партиясының “қолшоқпары” болып келген.

Польшаның ақпарат құралдары қоғамдық медиа толығымен жойылып кетпейді деп есептейді. Билік тек БАҚ-ты “Құқық және әділет” партиясының ықпалынан шығарғысы келеді дейді.

Туска коалициясы бейтарап жаңа БАҚ құруға уәде беріп отыр.

Польша парламенті “Мемлекеттік БАҚ және Польша баспасөз агенттігінің толық құқықтық тәртібін қалпына клетіру жөніндегі” қаулыны қабылдады. Онда азаматтарға шынайы ақпарат жеткізу мақсатында мемлекеттік мекемелерді тиісті шара қолдануға шақырған.

azattyq.org

фото: shutterstock

Be the first to comment on "Польшада қоғамдық БАҚ-ты тарату процесі басталды"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*