Isker Tilshi

Тимур Турлов жаңа Freedom Ventures Ltd компаниясын құрды

Фото: Руслан Пряников

Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында өзінің жаңа активі – Freedom Ventures Ltd компаниясын тіркеді. Бұл туралы «Іскер Тілші» хабарлайды Kapital.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа компания 2025 жылдың 8 шілдесінде тіркелген және инвестициялық қызметпен айналысады. Жарғылық капиталы – 5 млрд теңге. Компания Freedom Kazakhstan Ltd брокерлік компаниясы арқылы құрылды. Жаңа активтің бас директоры болып Ольга Баскакова тағайындалды.

Freedom Holding Corp. АҚШ-та құрылған. Бүгінде топтың бизнесі Қазақстанды, Кипрді, АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Арменияны, БАӘ-ні, Өзбекстанды, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Әзірбайжанды және Түркияны қамтиды. Сондай-ақ холдингтің Австрия, Бельгия, Болгария, Франция, Германия, Грекия, Италия, Литва, Нидерланды, Польша және Испанияда өкілдіктері бар. Холдингтің акциялары Nasdaq, KASE және AIX биржаларында саудаланады, ал қызметі АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясымен (SEC) реттеледі.

Freedom тобының еншілес компаниялары бағалы қағаздармен брокерлік операциялар жүргізеді, маркетмейкинг, инвестициялық-банктік қызметтер, сондай-ақ сақтандыру және төлем өнімдерін ұсынады. Бұдан бөлек, холдингтің медиа активтері де бар.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Яндекс Такси: Агенттік баға «айласын» әшкереледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *