Company Isker Tilshi

Яндекс Такси: Агенттік баға «айласын» әшкереледі

Фото: rbc.ru

Қазақстанда Яндекс Такси бағасының қалай есептелетіні ашық талқыланды, деп хабарлайды «Тілші».

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өткізген кезекті мониторингтік отырыста Яндекс Таксидің алгоритмдік баға құру жүйесіне тәуелсіз аудит нәтижелері қаралды. Бұл шара такси нарығындағы әділдік пен ашықтықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аудит барысында бірқатар тәуекелдер әшкереленді:
* Қаланың шекаралары әкімшілік-аумақтық шекаралармен сәйкес келмейді
* Бағаға қатысы жоқ «жасырын» компоненттер ықпал етеді
* Қосымшада нақты баға қалай есептелетіні туралы толық ақпарат жоқ
* Әуежайда жолаушыларды орналасқан жеріне қарай «кемсіту» фактісі байқалған
* Және басқа да олқылықтар тіркелген

Яндекс кейбір тәуекелдерді жойды, ал қалғандарын түзетуге міндеттеме алды. Соның ішінде, Яндекс+ адалдық бағдарламасы бойынша клиенттерге жеңілдіктер ұсыну шығындарын компания өз мойнына алды. Сонымен қатар, сұраныстың артуы кезінде бағаның негізсіз өсуіне және жүргізушілердің табысының төмендеуіне жол бермеу үшін жаңа талаптар енгізілді.

Мониторинг тобы жүргізушілер тарапынан түскен өтініштерге де назар аударып, олардың проблемалық мәселелері қаралды.

Отырыс нәтижесінде мемлекеттік органдар мен Яндекс.Такси үшін бірқатар ұсынымдар жасалды. Енді агенттік бұл нарықтағы ахуалды қатаң бақылауда ұстайтынын ескертті.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Президент "Qarmet" акционерлік қоғамының диспетчерлік-талдау орталығын аралады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *