Саясат

15 тамызда Аляскада Путин мен Трамп кездеседі: ресми мәліметтер жарияланды

Фото: kremlin.ru

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин мен Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуге дайындық толық аяқталғанын хабарлады, деп жазады «Тілші» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ушаковтың айтуынша, кездесудің негізгі тақырыбы – Украинадағы дағдарысты реттеу. Бұл үшін арнайы бағдарлама келісілген. Алдымен екі президент жеке жүздеседі, кейін делегациялар қатысатын кеңейтілген форматта келіссөздер жалғасады.

Кездесу Алясканың Анкоридж қаласында жергілікті уақытпен сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша 16 тамызда 00:30) басталады.

Ресей тарапынан келіссөздерге Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қорғаныс министрі Андрей Белоусов, қаржы министрі Антон Силуанов, Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев және Юрий Ушаковтың өзі қатысады.

Келіссөздер аяқталған соң Путин мен Трамп бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұған дейін Батыс басылымдары дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ-тың Путинге Украинаның Донбастағы қалған бөлігін беруді ұсынғанын, бұл келісімнің атысты тоқтатуды көздейтінін жазған еді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Киев Ресейге ешқандай аумақты бермейтінін мәлімдеген.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *