Саясат

Тоқаев Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.  Елордада «Орталық Азия – Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жаңа басшы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *