Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде АИ-92 бензині бір жылда 17 теңгеге қымбаттады

Фото: Freepik.com

Ақтөбелік тұрғын соңғы бір жылдағы бензин бағасының өзгерісін есептеп, әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, Qazaq Oil желісінде сатылатын АИ-92 маркалы бензин 2024 жылғы 30 тамызда литріне 195 теңге болса, биыл 15 тамызда 212 теңгеге жеткен. Бұл – бір жылда 17 теңгеге, ал бір аптада 2 теңгеге қымбаттады деген сөз.

Ақтөбеліктің ұсынған деректерін Диапазон келтіреді:

  • 30.08.2024 — 195 тг
  • 04.11.2024 — 198 тг
  • 10.01.2025 — 201 тг
  • 17.02.2025 — 203 тг
  • 23.05.2025 — 204 тг
  • 29.05.2025 — 205 тг
  • 12.07.2025 — 207 тг
  • 21.07.2025 — 209 тг
  • 26.07.2025 — 210 тг
  • 11.08.2025 — 211 тг
  • 15.08.2025 — 212 тг

Бағаның өсу себебі
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан бастап жанармай бағасын мемлекеттік реттеу тоқтатылған. Бұл қадам көрші елдермен баға айырмасын азайту және жанармайды «көлеңкелі» жолмен экспорттауды болдырмау үшін жасалған.

– Біздің басқарма нарықты бақылап отырады: орташа баға, жанармай қоры және қамтамасыз ету мерзімі. 15 тамыздағы жағдай бойынша АИ-92/93 маркалы бензиннің орташа бағасы – 205 теңге, қоры – 11,3 мың тонна (24 күнге жетеді). АИ-95 маркалы бензин – 252 теңге, қоры – 2,5 мың тонна (21 күн), жазғы дизель отыны – 306 теңге, қоры – 21,3 мың тонна (33 күн), – деді басқарма басшысы Алмас Салықбаев.

Басқарма өкілдері атап өткендей, Қазақстандағы бензин мен дизель бағасы әлемдегі ең төмен деңгейде орналасқан. Бағаны еркін қалыптастыру моделі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тепе-теңдігін сақтауға, тапшылықтың алдын алуға, мұнай өңдеу саласын жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ұзақмерзімді инвестиция тартуға бағытталған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстан Азаматтық альянсының президенті шетелдік қаржыландыруды қолдайтынын жеткізді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *