Ақмола облысы Ерейментау ауданында Перуаш Каримұлына арналған республикалық жарыс кезінде 15 жастағы ақтөбелік спортшы сәтсіз әдіс жасап, мойын омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды «Тілші» Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға кезінде бозкілемде кезекші дәрігер алғашқы көмек көрсетіп, реаниматолог шақырған. Жас спортшы клиникалық өлім жағдайына түскен, бірақ дәрігерлердің әрекеті арқасында жүрек соғысы қалпына келіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Кейін жасөспірім астаналық клиникаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – мойын омыртқасының сынуы.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.