Aqtobe Day

Қазақша күрес жарысында ақтөбелік жасөспірім мойын омыртқасын сындырып алды

Фото: Pixabay.com

Ақмола облысы Ерейментау ауданында Перуаш Каримұлына арналған республикалық жарыс кезінде 15 жастағы ақтөбелік спортшы сәтсіз әдіс жасап, мойын омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды «Тілші» Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кезінде бозкілемде кезекші дәрігер алғашқы көмек көрсетіп, реаниматолог шақырған. Жас спортшы клиникалық өлім жағдайына түскен, бірақ дәрігерлердің әрекеті арқасында жүрек соғысы қалпына келіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Кейін жасөспірім астаналық клиникаға жеткізілді. Алдын ала диагноз – мойын омыртқасының сынуы.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде салынатын логистикалық хабтың жер көлемі анықталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *