Aqtobe Day

Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды

Фото: Freepik.com

Ақтөбеде мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталып, қатаң жазаға тартылмақ, деп хабарлайды «Тілші» облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде таңғы уақытта патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған Lada Largus көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында оның бұрын да мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Сараптама жүргізушінің қайтадан алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Заңға сәйкес, мұндай әрекетке барған адамға өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 54 жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  "СНПС АМГ" бәсекелестік туралы заңнаманы бұзғаны үшін 36,7 млн теңге айыппұл төлейді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *