Aqtobe Day Isker Tilshi

«СНПС АМГ» бәсекелестік туралы заңнаманы бұзғаны үшін 36,7 млн теңге айыппұл төлейді

Фото: Freepik.com

Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ны бәсекелестік туралы заң талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл шешім Ақтөбе облысы бойынша БҚДА департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелеріне негізделді, деп хабарлайды «Тілші».

Компания сұйытылған мұнай газын жеткізу шарттарында заңға қайшы талаптар қойған. Атап айтқанда, төлем мерзімі үш күнмен шектеліп, автоцистерналарды тек 85%-ға дейін толтыру талабы енгізілген. Мұндай жағдай серіктестерді тиімсіз шарттарға итермелеген.

Сонымен қатар, техникалық мүмкіндігі бола тұра, компания автокөлікпен жеткізілетін газ өндірісін негізсіз шектеген. Бұл өз кезегінде нарықтағы басқа қатысушылардың құқықтарын бұзды.

Сот шешімімен компанияға 36,7 млн теңге айыппұл салынды. Қазір заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылданып, өндіріс пен жеткізу көлемі арттырылған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  40 жылда бір рет те ережені бұзбаған: хромтаулық жүргізушінің өмір жолы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *