Әлеумет

Ақылы жолдардың ақаулы учаскесінде ақы алынбайды

Фото: Freepik.com

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем алу ережелері өзгерді, деп хабарлайды «Тілші» Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде 27 ақылы жол жұмыс істейді. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап ететін учаске анықталған жағдайда, жөндеу толық аяқталғанға дейін сол аралық үшін төлемақы алынбайды.

Мысалы, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрап, оның 5 шақырымы жөндеуді қажет етсе, жүргізушілер жөндеу жұмыстары біткенге дейін тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді.

Ұлттық оператор жолдардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды. Жүргізушілер тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне қоңырау шалып, ақау туралы хабарлай алады.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Президент елдегі ажырасудың басты себебін атады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *