Әлем Саясат

Ұлыбритания мен Канада Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады

Фото: Reuters.com

21 қыркүйекте Ұлыбритания мен Канада ресми түрде Палестинаны тәуелсіз мемлекет деп таныды. Бұл шешім ондаған жылдарға созылған қақтығыс жағдайында халықаралық қауымдастықтың назарын тағы да Таяу Шығысқа аударып отыр, деп хабарлайды «Тілші».

Ұлыбритания премьер-министрі Кеир Стармер бұл қадамды «екі мемлекеттің шешіміне апаратын маңызды алғышарт» деп атады. Оның айтуынша, Газа секторындағы ауыр гуманитарлық дағдарыс пен Израильдің Батыс Шерияда жаңа қоныстар салуды жалғастыруы жағдайды ушықтыра түскен. Лондонның шешімі Палестина халқының өзін-өзі анықтау құқығын қолдау және бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға ықпал етуге бағытталған.

Канада да дәл осы күні ұқсас шешім қабылдады. Премьер-министр Марк Карнидің айтуынша, Оттава Палестинаны тану арқылы аймақтағы бейбітшілікті қолдайды және Палестиналық билікке реформалар жүргізу қажеттілігін еске салады.

«Бұл қадам Израиль мен Палестина аумақтарында бейбіт қатар өмір сүрудің негізін қалау үшін маңызды. Біз екі тараптан да жауапкершілік күтеміз», – деді ол.

Алайда Израиль тарапы бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы шықты. Елдің Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания мен Канаданың әрекетін «жалған үміт сыйлайтын және бейбіт процесті одан әрі қиындататын қадам» деп атады.

Палестина басшылығы болса, бұл жаңалықты «тарихи әділеттіліктің орнауы» деп бағалап, ондаған жылдар бойы күткен оқиға екенін мәлімдеді. Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар да қос мемлекеттің шешімін қолдап, басқа мемлекеттерді де осы қадамға қосылуға шақыруда.

Сарапшылардың айтуынша, Ұлыбритания мен Канада секілді ықпалды елдердің мұндай қадамы дипломатиялық тепе-теңдікке үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Бұл шешімнен кейін БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беру процесінде Палестинаға қатысты жаңа динамика қалыптасуы ықтимал.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Трамп Путинге реніш білдіріп, Киевке әскери көмек көрсетуді күшейтетінін мәлімдеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *