Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде төрт баланың анасын полиция аман алып қалды

Фото: informburo.kz

Ақтөбеде әйел өз үйінің ауласындағы дәретханада асылып өлмек болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ер адам полицияға хабарласып, әйелі қоштасу хатын жазып, өз-өзіне қол жұмсамақ екенін айтқан. Шұғыл түрде оқиға орнына патрульдік полиция батальонының инспекторлары Темірбек Сәбит пен Танбай Орынбасарұлы жеткен.

«Полицейлер ауладағы дәретхана ішінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді байқап қалды. Инспектор арқаннан шешіп алып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дер кезінде жасалған шешім мен кәсіби шеберліктің арқасында әйел аман қалды. Ол төрт баланың анасы», — делінген хабарламада.

Кейін жедел жәрдем шақырылып, әйел ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

«Полиция қызметкерінің ең басты міндеті — адам өмірін сақтау. Біз күн сайын түрлі жағдайларға тап боламыз, бірақ ең маңыздысы — дер кезінде көмек көрсету», — дейді инспектор Темірбек Сәбит.

Полиция департаменті азаматтарды қиын жағдайға тап болған сәтте жалғыз қалмауға, жақындары мен мамандардан көмек сұрауға шақырды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жүргізушілерден де көп ереже бұзған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *