Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жүргізушілерден де көп ереже бұзған

Ақтөбе облысында үш күнге созылған күшейтілген рейд барысында заң бұзушылықтар қаптап анықталды. Полиция қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бақылау және жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге баса назар аударды, деп хабарлайды «Тілші».

Үш күннің қорытындысы

  • 64 қылмыс тіркелді, іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды.
  • Заңсыз есірткі мен суық қару сақтаған 50 адам жауапқа тартылды, тәркіленген заттар айналымнан алынды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар – 900-ге жуық:

  • ұсақ бұзақылық – 35,
  • қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде болу – 160,
  • құжатсыз немесе тіркеусіз тұру – 165,
  • түнде заңсыз жүрген кәмелетке толмағандар – 105 жағдай.

Жолдағы тәртіп

Жол қозғалысы ережесін бұзу деректері де аз болмады – үш күнде 339 жағдай тіркелген. Оның ішінде:

  • мас күйде көлік басқару – 16,
  • жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу – 13,
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу – 23,
  • жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 79.

Жаяу жүргіншілер көш бастап тұр

Ең сорақысы – тәртіп бұзу көрсеткіші бойынша жаяу жүргіншілер жүргізушілерді басып озды. Бар-жоғы үш күнде 208 жаяу жүргінші жол ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл – жүргізушілер жасаған бұзушылықтар санынан (131) айтарлықтай көп.

Полиция тұрғындарды жолда абай болуға, тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде үлескерлер бес жылдан бері үйсіз жүр: компания басшылары алаяқтық үшін сотталған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *