2025 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын көтеруге мораторий енгізілді, деп хабарлайды «Тілші».
Бұл шешім Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды.
Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бағаға тұрақты мониторинг жүргізу және ішкі нарықты жанармаймен үздіксіз қамтамасыз ету тапсырылды.
Мораторийдің негізгі мақсаты – инфляцияны тежеу және отын бағасының өсуінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық салдарды болдырмау.