Ақтөбе облысында тікұшақ апатына ұшырап, ауыр жарақат алған екі ұшқын ауруханадан шықты, деп хабарлайды «Тілші» Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай тоғызыншы қараша күні Мәртөк ауданының аумағында болған еді. Қорғаныс министрлігіне тиесілі «Ми-8» тікұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі екипаж мүшесі ауыр жарақатпен облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген болатын. Олардың сүйектері сынған, денелерін күйік шалған. Дегенмен, дәрігерлердің көмегімен жағдайлары жақсарды. Бүгін үйлеріне шығарылды. Әзірше амбулаториялық бақылауда болады.