Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде өндірістік жарақат алғандар саны — 64 адам

Фото: freepik.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елде өндірістегі жазатайым оқиғалардан 934 жұмыскер зардап шегіп, оның 133-і қаза тапқан. Биылғы 9 айда өндірістік жарақаттану өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға төмендеді.

Өңірлер ішінде ең көп жарақат алғандар Қарағанды (103), ШҚО (89), Павлодар (68) облыстарында тіркелсе, Ақтөбе облысында – 64 адам зардап шеккен.

Көбіне жарақаттар тау-кен металлургия (17,4%) және құрылыс (10,2%) салаларында орын алады. Негізгі себептер: жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы (34,2%), жұмыскердің абайсыздығы (33,6%), қауіпсіздік ережелерін бұзу (8,5%).

Соңғы бес жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану 6,7%-ға азайды. Ел бойынша 3262 кәсіпорын қауіпсіздік стандарттарын енгізсе, 610 кәсіпорын «Нөлдік жарақат – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылған.

Министрлік қазір 2024–2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын жүзеге асырып жатыр. Оның мақсаты – тәуекелді азайту, еңбек мәдениетін арттыру және жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Жәбірленуші 17 млн теңге несие рәсімдеп, алаяқтарға аударған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *