Мұндай қылмыстар туралы көптеген ескертулерге қарамастан, азаматтар алаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда, деп хабарлайды «Тілші».
Бұл алаяқтық схемасында қылмыскерлер өздерін белгілі ұйымдардың (бұл жағдайда «Халық банкі» және «Ұлттық банк») қызметкерлері ретінде көрсете отырып, жәбірленушіні оның жеке деректері несиелер рәсімдеу үшін пайдаланылғанына сендірген және оны тоқтату үшін шұғыл түрде «қауіпсіз» шотқа ақша аударуы керек екендігін айтқан.
Ер адамның алданып жатқанын түсінбеуі үшін алаяқтар қорқыту мен асықтыру элементтерін қолданып, оған төрт банктен 17 миллион теңге несие рәсімдеткен.
Жәбірленуші өз атына алған несиелерін қылмыскерлердің шоттарына аударған.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақша аударуды немесе құпия ақпарат беруді талап ететін қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде әрдайым сақ болу қажет екенін еске салады.
Мұндай алаяқтық құрбандары шоттарды бұғаттау және залалды азайту бойынша шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына және банктерге дереу хабарласуы керек.