Isker Tilshi

Smart Plastic Zone: Қазақстандық бизнесті пластикке жауапты қарауға үндеген жоба EUROBAK марапатын иеленді

Алматыда өткен EUROBAK CSR Awards 2025 рәсімінде экология саласындағы үздік бастама ретінде Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз деп танылды. Бұл экологиялық бағдарлама GPI Lab және Coca-Cola компанияларының серіктестігімен жүзеге асып келеді.

EUROBAK марапаты — Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы ұйымдастыратын беделді байқау. Биыл оған қауымдастық мүшесі болып табылатын 37 компания қатысып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, адами капиталды дамыту, IT және маркетинг салалары бойынша бақ сынады.

Smart Plastic Zone бастамасы бизнестің пластикалық ізін азайтуға және тұрақты тәжірибелер енгізуге бағытталған. Жоба аясында қатысушы ұйымдар өз тәжірибелерін диагностикалап, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді енгізеді, қызметкерлерін экологиялық мәдениетке баулиды және жетістіктерін арнайы белгі арқылы растайды — «Silver», «Gold» немесе «Platinum» деңгейінде.

2025 жылдың наурызында іске қосылғаннан бері бағдарламаға елдің бес өңірінен 53 ұйым қосылған. Оның ішінде 5 компания «Platinum» мәртебесіне жетіп, тұрақты бизнес тәжірибесінің үлгісіне айналды. 31 ұйым — «Gold», 17 ұйым — «Silver» белгілерін иеленген.

«EUROBAK марапаты – жай ғана мойындау емес, бұл бизнестің нақты әрекетке дайын екенін көрсетеді. Егер нақты қадамдар мен қолдау болса, тұрақтылыққа жету – қолжетімді мақсат», — дейді Coca-Cola компаниясының өкілдері.

«Smart Plastic Zone – бұл тек экология емес, бұл мәдениет. Пластикке жауапты қарау — жеке ниет емес, корпоративтік жүйенің бөлігі болуы тиіс», — дейді GPI Lab серіктесі Юлия Якупбаева.

Smart Plastic Zone жобасы компанияларға экостандарттарды енгізумен қатар, ел көлемінде көрінетін тұрақтылық аймақтарын қалыптастырып, экологиялық сана мен жаңа бизнес мәдениетін дамытып келеді.

EUROBAK Awards марапаты бүгінде Қазақстандағы іскерлік ортада жылдың басты оқиғаларының бірі саналады. Байқауда жеңіске жету — әріптестер мен серіктестер тарапынан сенім мен беделдің көрсеткіші.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Мамырбек Мұқанбетқазин, кәсіпкер: «Қазақстанда инвестиция тарту мәдениеті қалыптаспаған»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *