Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде мас жүргізушілер 33 жол апатына себеп болған

Биыл Ақтөбе облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің салдарынан 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл апаттар 3 адамның өмірін қиып, 44 адамның жарақат алуына себеп болған, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Сол оқиғалардың бірі 3 қыркүйекте Ембі қаласында болды. «Renault Duster» жүргізушісі алкогольдік мас күйінде көлік жүргізіп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауыр жарақат алып, келесі күні ауруханада көз жұмды.

Жыл басынан бері облыс аумағында 1146 мас жүргізуші ұсталған. Оның ішінде 78 адам бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да мас күйде рульге отырған.

Полиция өкілдері мұндай құқық бұзушылықтың салдары ауыр екенін ескертеді.

«Мас күйде көлік басқарған жүргізуші әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал бұрыннан айырылған адам қайта рульге отырса — бұл қылмыс болып саналады және ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – дейді Ақтөбе облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтеген.

Полицейлер мас жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтік шараларды күшейткен. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай деректер қалада ғана емес, ауыл-аймақтарда да жиі кездеседі — кей жағдайларда мотоцикл мен ауыл шаруашылығы техникасын да мас күйінде айдағандар ұсталған.

Полиция тұрғындарды жауапкершілікке шақырып, мас күйде көлік жүргізудің салдарын алдын алуға үндейді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде әйелді ұрып өлтірген күдікті ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *