Ақтөбеде әйелді ұрып өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиғаның қай уақытта, қалай болғаны әзірге жарияланбады. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша іс қозғалды.
«Ерлі-зайыпты емес, бірақ бірге тұрған. Қазір күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуге байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.