Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбеде 10 мың тг ұсынған жүргізушінің көлігі тұраққа қойылып, өзі қамауға алынды

Фото: kz.kursiv.media

Ақтөбеде мас жүргізуші патрульге пара беруге тырысты, деп хабарлайды жергілікті полиция.

Патрульдік полиция инспекторы қызмет атқару кезінде «Хундай Элантра» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісін байқаған полицей оны медициналық тексеруге жіберген.

Куәландыру нәтижелері тәртіп сақшысының болжамдарын растады.

Мас күйінде көлік құралын басқарған 52 жастағы жүргізушіге қатысты құжаттар рәсімдеу кезінде құқық бұзушы әкімшілік хаттама толтырмауды сұрап, пара ретінде инспекторға 10 000 теңге ақша ұсынған.

Полицей дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, пара бергені үшін жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заттай айғақ тәркіленді. Автомобиль коммуналдық тұраққа қойылып, жүргізуші қамауға алынды.

Полицияның хабарлауынша, енді ақтөбелік тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана емес, лауазымды адамға пара беруге тырысқаны үшін де жауап береді.

Оған мүлкі тәркіленіп, параның жиырма еседен отыз есеге дейін сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылуы мүмкін.

Еске сала кетелік, Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізіп, газ құбырын бүлдірген әйел 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *