Ақтөбеде бірнеше тұрғын Instagram желісі арқылы әйелдер аяқ киімін сатып аламыз деп алданған.
Полицияның мәліметінше, екі жағдайда да бірдей схема қолданылған. «madelline.by» және «mart_basconi_almaty» парақшаларында жарнама жариялаған күдіктілер жәбірленушілерді WhatsApp мессенджеріне көшіріп, сенімге кіргеннен кейін алдын ала төлем алған. Ақша аударылған соң, алаяқтар байланысқа шықпай жоғалып кеткен.
Бір тұрғын 460 мың теңгеден айырылған, ал екінші жәбірленушінің шығыны — 16 мың теңге. Екі жағдайда да тауар сатып алушыларға жеткізілмеген.
Полиция тұрғындарды онлайн алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді жағдайлар туындағанда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертеді.

