Aqtobe Day Әлеумет

«Аңсаған сәби» бағдарламасының жемісі: Ақтөбеде 450-ге жуық сәби дүниеге келді

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы Ақтөбе өңірінде мыңдаған отбасыға үміт сыйлады. Соңғы 5 жыл ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) квотасының 7 есеге артуы нәтижесінде көптен күткен 448 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «Тілші».

Президенттің тапсырмасымен 2021 жылы басталған бұл жоба демографиялық жағдайды жақсартуға және бала сүюді армандаған жандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Бағдарлама басталғалы бері Ақтөбе облысында 1527 жұп мемлекеттік квотаға қол жеткізді.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолованың айтуынша, бағдарлама нақты нәтижесін беріп отыр.

«Бағдарама аясында пациенттер еліміздегі 19 орталықта экстрокорпоральді ұрықтандыру жүргізді. Оның ішінде отбасылық жұптың 37% Ақтөбедегі перинаталдық орталықты таңдады. Бүгінде 448 сәби өмірге келді. Олардың арасында 26 егіз, бір үшем бар. Сонымен бірге қазір 71 әйел жүкті. Келер жылға 311 квота бөлініп отыр», — деді басқарма өкілі.

Облыстың бас репродуктологы Светлана Есенаманова 2017 жылдан бері жұмыс істеп тұрған жергілікті ЭКО орталығының жұмысы жандана түскенін атап өтті.

«Бұрын біздің орталыққа жылына небәрі 40-50 квота ғана тиетін. Жұптар тегін процедураны жылдап күтуге мәжбүр еді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік бағдарламаның арқасында бұл түйткіл тарқады. Қазір жыл сайын 300-ге жуық квота бөледі, сәйкесінше кезек те жылдам жылжиды. Ол үшін алдымен учаскелік дәрігерге қаралып, дайындықтан өту қажет. Қазір 1400 әйел диспансерлік есепте тұр», — дейді Светлана Есенаманова.

 

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Азаптау ісі бойынша бұрынғы Антикор басшысы Талғат Татубаев ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *