Aqtobe Day

Ақтөбеде әйелін пышақтаған ер адам 4 жылға сотталды

Фото: akt.sud.kz

Ақтөбеде 25 жыл бірге тұрған әйелін аяусыз пышақтаған 46 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Жәбірленуші балаларының әкесін кешіріп, бостандықта қалдыруды сұраса да, сот заң талабына сай қатаң шешім қабылдады, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іс Ақтөбе қалалық №2 сотында қаралды. Қаланың 46 жастағы тұрғынына Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, ақтөбелік сол күні ішімдік ішіп, үй ауласына кіре берісте әйелімен жанжалдасып қалады. Ашуланған ер адам қолындағы пышағымен әйелінің сол жақ иығын жаралайды. Әйелі қашқан кезде соңынан қуып жетіп, арқасына бірнеше рет пышақтады. Сот отырысы кезінде сотталушы бар кінәні мойындап, кешірім сұрады.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, жәбірленуші өз сөзінде шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толғанын, бұған дейін де күйеуінің өзіне қол көтергенін айтты. Пышақ жарақатын алған соң жағдайы нашарлап, үйде жүрген алты жасар қызынан жедел жәрдем шақыруын сұраған. Дәл сол кезде сотталушы өз қолын кесіп, сыртқа шығып кетіп, кейін қамауға алынды.

Жәбірленуші әйел балаларының әкесіне кешірім беріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сот-медициналық сараптама кезінде денсаулыққа ауыр және жеңіл жарақаттар салынғаны дәлелденді.

Сот үкімімен 46 жастағы ақтөбелік Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны — қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі. Сонымен бірге ішімдікке әуес сотталушы мәжбүрлі түрде ем қабылдайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Жалдамалы пәтерді жекешелендіріп берем»: Ақтөбеде алаяққа алданғандар саны 30-дан асты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *