Aqtobe Day Әлеумет

«Жалдамалы пәтерді жекешелендіріп берем»: Ақтөбеде алаяққа алданғандар саны 30-дан асты

Фото: chistopol.tatarstan.ru
Медицина саласында қызмет ететін әйел алдымен үйді сатып алуға көмектесетін болған, кейін жекешелендіріп берем деген. Ақшасын санап бергендер саны 30-дан асты, деп хабарлайды Tilshinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Жалпы, залал сомасы 20 млн теңгеден асады. 
«Егер аталған күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар арыз беру үшін №2 қалалық полиция бөліміне жүгіне алады. Алаяқтық схемалардың алдын алу және зардаптарын жою  үшін мұндай жағдайлар туралы уақтылы хабарлау аса маңызды», — дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Жоғары оқу орнына түсіруге уәде еткен ақтөбелік алаяқтығы үшін сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *