Әлем

Исламабад мешітінде қаза тапқандар саны 30-дан асты

Фото: CBC

Пәкістан астанасының шетінде орналасқан мешітте жұма намазы кезінде болған жарылыстан 31 адам қаза тауып, 169 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Тілші» Orda.kz сайтына сілтеп.

Исламабад полициясы мешіттегі жарылыстың арнайы шабуыл екенін айтып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Құтқарушылар мен куәгерлер кейбір жараланғандардың жағдайы тым ауыр екенін жасырмады.

Бұл 2023 жылғы қаңтарда Пешавар мешітінде болған жарылыстан кейінгі елдегі ең ауқымды шабуыл.

Билік шабуылдың артында Пәкістан Талибаны немесе Tehrik-i-Taliban Pakistan (TTP) тұр деп болжайды.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  HRW Германия канцлері Шольцті Орталық Азияға сапарында адам құқығы мәселесін көтеруге шақырды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *